- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Үш жаттығудың қорытындысы...
Үш жаттығудың қорытындысы бойынша Карпов алтыншы орында
Қазақстаннның үздік жеңіл атлетшісі Дмитрий Карпов сайыстың үшінші жаттығуын сәтті аяқтады деп хабарлайды Massaget.kz
Ядро серпуде 31 жастағы жеңіл атлетшіміз ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Қарағанды қаласының тумасы өзінің алғашқы мүмкіндігінде ядроны 16,47 метрге серпіді. Қазақстандық спортшы екінші мүмкіндігінде 16,21 метрге лақтырса, соңғы мүмкіндік - 16,03. Нәтижесінде Карпов осы сайыста 880 ұпай алып, бірінші орынға табан тіреді. Ал жалпы есепте отандасымыз 2625 ұпаймен әзірге алтыншы орында.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: prosportkz.kz
Ж. FM