Ямайкалық желаяқ Усейн Болт 100 метрге жүгіруде Олимпиада чемпионы атанды деп хабарлайды Massaget.kz
25 жастағы спринтер қысқа қашықтықты 9,63 секундта жүгіріп өтіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Бұл жаңа олимпиада рекорды. Өз кезегінде Олимпиада ойындарының күміс медалін тағы бір ямайқалық желаяқ иеленсе (Йохан Блэйк), қола медалді американдық Джастин Гатлин алды.
Жеңіл атлетика. Ерлер. 100 м.
1. Усэйн Болт (Ямайка) - 9,63;
2. Йохан Блэйк (Ямайка) - 9,75;
3. Джастин Гатлин (АҚШ) - 9,79.
Дайындаған: Фараби Бақыт
Сурет: london2012.com