Украина спортшыларын қола жүлдеден айырды

Украина спортшыларын қола жүлдеден айырды

Лондонда өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының үшінші күнінде төрешілер командалық спорттық гимнастика нәтижелерін қайта қарастырып, Украина елінің ерлер командасын қола медальдан айырды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Кеше, Жапония құрамасының басшылары наразылық білдіргеннен соң, эпизод қайта қаралып төрешілер атта өнер көрсеткен Жапония спортшысына 0,7 ұпай қосып берді. Нәтижесінде Күншығыс елінің гимнасттары 4-орыннан 2-орынға қол жеткізді. Ал Украина ерлер құрамасы қола жүлдеден айырылып, 4-орынға табан тіреді. 

"Жапон құрамасының  жетекшілері шетте қалып қоймай, Күншығыс елінің гимнасттары үздік үштік қатарынан көрінулеріне барын салып, дегендеріне жетті. Бұл жапон құрамасы жетешілерінің біліктілігін дәлелдейді", -дейді Олимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы Алексей Немов. 

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Афинада өткен Олимпиада ойындарында залдағы көрермен турникте өнер көрсеткен Ресей құрамасының гимнасты Алексей Немовқа жүлде беруді талап еткен болатын, алайда Ресей құрамасының жетекшілері бұған байланысты қандай бір амал жасай алмаған еді. 

Украина спорттық гимнастика федерациясының президенті Игорь Коробчинскийдің айтуынша, секіріп түсу орындалмағандықтан, оның базасын көтеруге болмайды. Бірақ, халықаралық федерация мүлдем басқа шешім қабылдады. 

Қорытындылай келе, командалық (спроттық гимнастика) жарыс нәтижесі төмендегідей: 

1.Қытай - 275.997

2. Жапония - 271.952

3. Ұлыбритания - 271.711

4. Украина - 271.526

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM