Тимур Болат татами төрінде жеңіліске ұшырады

90 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық дзюдошымыз Тимур Болат келесі айналымға өте алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.

Екінші айналымда отандық спортшымыз жапон шебері Масаси Нисиямомен кездесті. Бірінші минуттардан-ақ жапондық дзюдошы "юко" әдісі арқылы алға шықты. Нәтижесінде 27 жасарлық жапон жігіті жеңіске жетіп, келесі айналымға жолдама алды. 

Естеріңізге салсақ, бірінші айналымда 23 жастағы Тимур 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері егип жігіті Хешам Месбахты жеңген болатын.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт