Теміртаулық Исламға тиесілі жеңіс

81 келі салмақта өнер көрсететін Қазақстандық дзюдошымыз Ислам Бозбаев келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Массагет.кз.

Алғашқы кездесуінде 21 жастағы отандық спортшымыз әлемдік рейтингте 22-орында тұрған 22 жасар украиндық Артем Василенконы "иппонға" ұрып жығып, жеңімпаз атанды. 

Келесі айналымда теміртаулық Ислам әлемдік рейтингтің 20-шы орнында тұрған тоголық Сача Денаньонмен кездесетін болады. 

Сурет:vesti.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт