Отандық жүзгіш жігітіміз Александр Тарабрин 100 метрлік қашықтыққа шалқалай жүзуден іріктеу сындарынан аса алмады. Өкінішке орай, кешегі күні 100 метрге брасс (малтудың ерекше түрі) әдісі арқылы жүзуден де тағы бір суда жүзу шебері Поляков та өте алмаған еді. Бұл туралы әріптесім Ғани Тұрғынбеков жазған мақаладан толық оқи аласыздар.
27 жастағы спортшымыз 100 метр қашықтықты 55,55 секундта кесіп өте алған. Нәтижесінде 38 орынға барып табан тіреді.
Айта кететін болсақ, ширек финалға 16 үздік спортшы суырылып шыға алды. Және америкалық Мэтью Греверс мәре басына бірінші болып жеткен екен.
Сурет:i-news.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт