Қазақ балуаны Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен финалға жолдама ала алмай қалды.
66 келі салмақта өнер көрсететін 25 жастағы алматылық жігіт 29 жастағы делилік Сушил Кумарға 1:2 есебімен есе жіберіп қойды. Белдесуге тоқтала кететін болсақ, Сушил Кумар бірінші бөлікте 3:0 есебімен басым түссе, екінші бөлікте дәл осындай есеп басымдылығымен отандық спортшымыз алға шықты. Алайда, үшінші бөлікте Үндістанннан келген Кумардың бабымен қатар бағы оза шауып, нәтижесінде тартысты өткен кездесуді 6:3 есебімен өз пайдасына шешіп кетті.
Қола медаль үшін болатын таласта қазақстандық спорт шебері Наврузов (Өзбекстан) пен Сахинның (Түркия) арасындағы өтіп жатқан белдесудің қай жеңгенімен кездесетін болады.
Естеріңізге сала кетсек, Ақжүрек Таңатаров 1/8 финалда украиналық Андрея Квятковсконі 2:0 есебімен жеңсе, ширек финалда армениялық Давид Сафаряннан 2:1 есебімен басым түсіп еді.
Сурет:london2012.com
Дайындаған: Фараби Бақыт