Сүйінші! Қоржында екінші алтын. Қуан, Алаш!!!

Сүйінші! Қоржында екінші алтын. Қуан, Алаш!!!

Сүйінші! Қазақстандық ауыр атлетші қызымыз Зульфия Чиншанло 53 келі салмақта XXX жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды деп хабарлайды Массагет. кз.

Чиншанло жұлқи көтеруде 95 келі көтерді. Алайда, басты қарсылас болып саналатын қытайлық Шу-Чинь Цзин 96 келі мен молдавалық Кристина Йову 99 келіні көтеру арқылы дес бермей кетті. 

Осы салмақ категориясында 19 жастағы спортшымызға тең келетін ешкім болмады. Екі бірдей мүмкіндікті пайдалана алған отандасымыз 131 келі салмақты қиналмай көтеріп, рекорд орнатты. 

Айта кетейік, алматылық ерке қыздың ең үздік көрсеткіші Парижде ( Әлем чемпионаты) орнаған болатын. Ол жұлқи көтеруден 97 келі салмақты бағындырса, серпе көтеруден бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп (130 келі), Алты Алаштың атағын аспандатқан еді. 

Сурет:sport.gazeta.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига