СҚО әкімі Винокуровқа Toyota Land Cruiser сыйлады

СҚО әкімі Винокуровқа Toyota Land Cruiser сыйлады

Петропавлда Олимпиада чемпионы Александр Винокуровқа құрмет көрсету рәсімі өтті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуежайда велосепидшіні 500-ге жуық адам қошеметпен күтіп алды. Спортшы қол соғып, құрметін білдірген қалың жұртшылықтың арасынан өтіп, оны тосып тұрған кортежге отырды. Кейінірек қаланың орталық алаңында салтанатты митинг өтті. Жиынға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов қатысты.

"Барлығыңызды Ұлттық құрамамыздың XXX жазғы Олимпиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймын. Бұл қуаныш төртжылдықтағы ең маңызды оқиғалардың бірі деп сеніммен айтуға болады", - деді әкім. Содан соң облыс әкімі спортшыға құрмет грамотасы мен Toyota Land Cruiser-200 автокөлігінің кілтін табыс етті.

ыва

Винокуров өз кезегінде көрсеткен қолдауы үшін жерлестеріне деген алғысын білдірді. "Туған жерге оралу мен үшін әрқашан қуаныш. Барлық жанкүйерлерге үлкен рахмет. Біздің спорт түрінің ерекшелігі сол, қанша жерден мықты болсаң да, жеңіске жетуің оңай болмайды. Велосипед бұзылып қалуы мүмкін. Тағы сол секілді күтпеген жағдай орын алуы мүмкін. Дегенмен мен жеңістен үмітімді үзбедім. Нәтижесінде өзімнің бар мүмкіндігімді 150 пайызға көрсеттім деп ойлаймын", - деді велошабандоз.

Естеріңізге сала кетелік, Винокуров 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындарында шосселік топтық бәйгенің жеңімпазы атанып, алтын медальға ие болған еді. Кейінірек қазақстандық шабандоз өзінің спорттан кететіндігін мәлімдеген болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Tengrinews©