Шведова сенімді ақтамады

Шведова сенімді ақтамады

Қазақстандық теннисші қыз  Ярослава Шведова екінші айналымнан сүрініп, Олимпиадалық ойындарда өнер көрсетуін тоқтатты. 

Екінші айналым барысында 24 жасар Шведова турнирдің 15-ракеткасы ретінде келген Сабин Лисицкимен жолыққан болатын. Кездесудің бірінші кезеңінде отандасымыз бір брейк жасап, сетті өз пайдасына 6:4 есебімен аяқтаған болатын. Өкінішке орай, Ярослава екінші кезеңде шамалы сылбыр қимылдап, 6:4 есебімен ұтылып қалды. Ал үшінші және соңғы кезең өте тартысты өтті. Дегенмен бұл сеттегі жалғыз және ең дөрекі қателікті біздің отандасымыз жасады. Есеп 5:7 Сабиннің пайдасына. Осылайша, Олимпиада ойындарында біздің елдің намысын қорғауға аттанған қос теннишілеріміз Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева жарыс жолын аяқтады. 

Сурет:sport.qip.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM