Шапиев ширек финалдан аса алмады

Отандасымыз Абдулхаким Шапиев Олимпиада ойындарының жартылай финалдық кезеңіне шыға алмады.

74 келі салмақта өнер көрсететін Шапиев ширек финалдық белдесуде Венгрия палуаны Габор Хатошқа 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Белдесудің алғашқы кезеңі венгр жігітінің пайдасына 0:1 есебімен аяқталды. Екінші кезең де 1:0 есебімен Хатоштың пайдасына кетті.

Енді Абдулхаким боз кілемге Хатош жарыстың финалына шыққан жағдайда оралатын болады.

Айта кетсек, 1/8 финал аясында Шапиев Тунис палуаны Билел Оуечтатиді жеңген болатын.

Сурет:vk.com

Дайындаған: Фараби Бақыт