Шапиев ширек финалда

Шапиев ширек финалда

Еркін күрестен Олимпиада ойындарында 74 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Абдулхаким Шапиев доданың ширек финалдық кезеңіне шықты.

28-жасар Шапиев Олимп ойындары барысындағы алғашқы кездесуінде Тунис елінің палуаны Билел Оуечтатидан 6:3 есебімен басым түсті. Кездесудің алғашқы кезеңінде Абдулхаким 5:3 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші кезеңде де отандасымыз ширақ қимылдап 1:0 есебімен жеңіске жетті. Енді ширек финалдық белдесуде Шапиев венгр палуаны Габор Хатошпен белдесетін болады. 

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Л. Лига