Серікке сенбейтін қазақ жоқ

69 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері Серік Сәпиев келесі кезеңге жолдама алды.

Отандық боксшымыз жапон боксшысы Ясухиро Сузукимен болған жекпе-жекте өз басымдылығын айқын танытты. Бірінші раундта 7:4 есебімен басым түссе, екінші раундта "Күншығыс елінің" спортшысын төмпештеп жүріп 10:3 есебімен есеңгіретіп тастады. Өз кезегінде төртінші раунд та 28 жасар жігітіміздің пайдасына 8:4 есебімен аяқталды. Сөйтіп Саппоро өңірінің тумасы саналатын 24 жасқа енді толып отырған Ясухиро Сузуки 25:11 есебімен оңбай жеңілді.

Сурет:kursiv.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт