- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Серік Сәпиев жомарттық...
Серік Сәпиев жомарттық танытты
Кеше ғана шымылдығы жабылған Олимпиада ойындарында отандастарымыз аз сыйлыққа кенелген жоқ. Қоржынымызға бірі алтындар арқалап келіп, бірі күміс көтеріп келіп, ал енді біраз толағайларымыз қола әкеліп қосты. Ол – ол ма?.. Шаршы алаңда бокстың шаңын шығарып Серік сынды батырымыз алтынды еншілеп қана қоймай, Баркер Кубогын да ұтып алған болатын. Алаштың қоржынына еңбек пен сарқылмас күштен келіп түскен бұл Кубок бәріміздің төбемізді көкке жеткізді. Бірақ Серік Сәпиев сол сыйлықты өзіне қалдырмастан, ҚР Бокс Федерациясының төрағасы Тимур Құлыбаевқа сыйлайтынын хабарлады. Бұл шешімін ол ҚР Бокс Федерациясының марапаттау салтанатында жария етті.
Бірақ Федерация төрағасы Құлыбаев бұл мәртебелі сыйлықты алудан бас тартты. «Серік, бұл сенің олжаң», - деп Кубокты жомарт боксшының өзіне тапсырды. Одан соң, Серік төрағаның қолынан сый үстіне сый қосып, тағы да 125 мың доллар алды. Бұл сыйлық алтын спортшымызға беріліп жатқан қосымша ақшалай сый екен.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет:bnews.kz, news.nur.kz
А. Әбілхан