Сергей сенімді түрде келесі кезеңге өтті

66 келіде еліміздің намысын қорғауға барған татами шебері Сергей Лим болгариялық Мартин Ивановты бірінші айналымда қапы қалдырып, келесі кезеңге өтті. 

Татами төрінде тер төккен қазақстандық спортшы төрешілер тарапынан "вазари" бағасына ие болып, нәтижесінде жеңімпаз болып шықты. 

Айта кетейік, екі елдің намысын жырта келген қос спортшыға да белдесу барысында ескерту берілді. Келесі кезеңде біздің Сергей әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған жапондық Масаши Ебинумаға қарсы ойын өткізеді.

Сурет:fdk.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт