Күрестің дзюдо түрінен Лондон Олимпиадасында 60 келі салмақта еліміздің намысын қорғауға аттанған Еркебұлан Қосаев бірінші яғни, 1/32 финалында Персоа Сержионы жеңгені туралы әріптесім Ғани Тұрғынбетов бірнеше уақыттар бұрын жазған болатын.
Өкінішке орай, семейлік спортшы жігіт 1/16 финлда қарсыласына есе жіберіп қойды. Армениялық Ованес Давтянмен өткен кездесуде отандасымыз қарсыласының ипон әдісіне түсіп қалып, жарыс жолын аяқтады.
Сурет:prosportkz.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт