Семейлік Еркебұлан жарап тұр

Семейлік Еркебұлан жарап тұр

Бүгін, 28 шілде күні Лондон төрінде ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Еркебұлан Қосаев татамиге шығып жеңіске жетті деп хабарлайды Massaget.kz.

60 кг салмақ категориясында өнер көрсететін біздің спортшы 1/32 айналымында Канадалық дзюдошы Персоа Сержиомен бақ сынасып, жеңіске жетті.    

Қосаев енді 1/16 айналымына жолдама алды. Оның ендігі қарсыласы Армениялық  Ованес Давтян болмақ. 

Сонымен қатар, дәл қазір әйелдер арасындағы 48 салмақ категориясы бойынша қазақстандық дзюдошы Александра Подрядова кездесу өткізді. Моңғолиялық Урантсетсег Мунхбатпен кездескен біздің дзюдошы, өкінішке орай, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмай жеңіліс тапты. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: muckyduck13.yvi.kz


Ж. FM