Он сегіз мың ғалам он сегізінші алтынның куәсі болды. Майкл Фелпс Олимпиада чемпионы!

Он сегіз мың ғалам он сегізінші алтынның куәсі болды. Майкл Фелпс Олимпиада чемпионы!

АҚШ ерлер құрамасы 4х100 жүзу эстафетасында жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты деп хабарлайды Massaget.kz

Американдық Мэттбю Гриверс, Бренден Хансен, Натан Эдриан және де Майкл Фелпс 3 минут 29,35 секунд көрсеткішін көрсетіп жеңіс тұғырына көтерілсе, жапон жүзгіштері күміс медалді қанағат тұтты (3.31,26). Ал қола медалді австралия төрттігі иеленді (3.31,58).

Кеңес заманы гимнасты Лариса Латынинаның 48 жыл бойына өзгермеген рекордын Лондон ойындарында жаңартқан атақты жүзгіш Майкл Фелпс өз қоржынына 22-Олимпиада жүлдесін салды. Оның он сегізі алтын, екеуі күміс және екеуі қола. Ал Лондонда өтіп жатқан ойындарда ол 4 алтын 2 күміс медалға қл жеткізді.

2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында жүзу жарыстарының соңғы бағдарламасынан кейін жетістігі жетіп артылатын олимпиадашы - Майкл Фелпске Халықаралық су спорты түрлерінің федерациясы президенті Хулио Маглионе арнайы жүлде табыстады.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM