- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Сәрсекбаев бокс мектебін...
Сәрсекбаев бокс мектебін ашады
2008 жылғы Пекиндегі Олимпиадалық ойындардың чемпионы атанған қазақстандық боксшы Бақыт Сәрсекбаев бокс клубын ашады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
"Олимпиада үміттері" мектебінің жұмысы жақын арада Астана қаласында басталады. Бұл туралы спортшының өзі: "Қазіргі кезде құжат жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Клуб 195 шаршы метрлік подвалдық кеңістікте жұмыс жасайтын болады. Менен басқа да жаттықтырушылар клуб жұмысымен айналысатын болады. 10 жастан асқан жасөспірімдерді қабылдайтын боламыз", - деді. Мектепке спортқа деген ынтызарлығы бар кез келген бала келіп жаттығуына болады. Барлығы тегін, ақысыз.
Сәрсекбаев осылайша болашақ Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шыққысы келеді. Жобаға еш жерден демеушіліктің жоқ екендігін айтып өтелік. Спортшы ойын өз қаржысына сүйеніп іске асырып жатыр екен.
Бақыт Сәрсекбаев Павлодардан шыққан кәсіби боксшы. Пекиндегі жеңісінен басқа, спортшы 2006, 2002 жылдары сәйкесінше алтын және қола жүлдеге ие болып, ел абыройын асқақтатты. Бақыттың бірінші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталғандығын да айта кетелік.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: Владимир Дмитриев