Садақ атудан Лондон Олимпиадасында сынға түсіп жатқан жерлесіміз Анастасия Баннова іріктеу сындарында 54-ші нәтижеге ие болды.
23-жасар Орал өңірінің тумасы жарыс қорытындысы бойыншы 614 ұрайға қол жеткізе білді. Ал бірінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Ки Бо-Ба иемденді. Ол 671 ұпай жинаған. Сонымен қатар екінші және үшінші тұғырдан көрінген Ли Сунь-Чжин мен тайбэй қызы Тан Я-Тиньның қоржынында да 671 ұпайдан. Дегенмен Ки Бо-Баның өнері өте сауатты және жылдам болғаны үшін төрешілер жеңісті Киға берген.
Жалпыкомандалық есепте бірінші сатыда 1993 ұпай жинаған Оңтүстік Корея орнықты. Кестенің екінші сатысында 1973 ұпай жинаған АҚШ құрамаса орналасса, үшінші орынды 1976 ұпай көрсеткішімен Тайбэй құрамасы жайғасқан.
Айта кетейік, садақ ату спорты бойынша жарыстар 27 шілде және 3 сәуір арасында өтіп, 4 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.
Сурет:london2012.com
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков