Ресейлік дзюдошылар жарап тұр

Ресейлік дзюдошы Тагир Хайбулаев Лондон Олимпиадасының жеңімпазы атанып отыр.

Финалда 100 келі салмақта шыққан татами шебері моңғол жігіті Найдан Тувшинбаярмен белдескен болатын. Бірнеше минуттар бойына Пекинде өткен Олимпиада чемпионының өткір шабуылдарын қайтарып барып, 3-минутта қарсыласын жамбасқа алып ұрды - "иппон". Тап-таза жеңіс!

Айта кететін болсақ, аталған белдесуді Ресей президенті Владимир Путин арнайы ат басын бұрып келіп тамашалаған. Және Тагирді жеңіс тұғырына көтерілген сәттен кейін арнайы шақыртып алып құттықтаған. 

Осы салмақтың қола жүлдесі неміс жігіті Димитри Петерс пен "қызғалдақтар елінің" өкілі Хенк Гролге бұйырды. 

Әзірше Ресей құрамасының қоржынана бар алтынды дзюдошылар салып жатыр. Одан бұрын Арсен Галстян (60 келі салмақта) мен Мансур Исаев (73) алтыннан алқа тағынған  болатын. 

Сурет:eurosport.r

Дайындаған: Фараби Бақыт