Волейболдан Ресей ерлер құрамасы ақтық сында Бразилия командасын жеңіп, Олимпиада ойындарының алтын медалін иеленді.
Владимир Алекно шәкірттері алғашқы кезеңде қарсыласқа есе жіберген болатын. Үшінші кезеңде де оңтүстікамерикалықтар екі матчболмен ойын тағыдырын шешуге жақын еді, алайда намысқа тырысып барын салған Ресей волейболшылары соңғы үш кезеңді өз пайдасына шешіп, жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 3-2 (19:25, 20:25, 29:27, 25:22, 15:9).
Ресей құрамасы алтын медаль ұтты, бразилиялықтарға күміс жүлде бұйырды, ал қола жүлдеге Италия командасы қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, ақтық сында Ресей спортшылары соңғы рет Сидней-2000 ойындарында өнер көрсетіп, онда да Югославия құрамасына 3:0 есебімен жеңілген болатын.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: eurosport.ru