- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Ресей волейболшылары 12...
Ресей волейболшылары 12 жылды артқа тастап, финалға шықты
Волейболдан Ресей ерлер құрамасы жартылай финалда БОлгария командасын жеңіп, Лондон Олимпиадасының алтын медаліне бақ сынасады.
Кездесу 3:1(25:21, 25:15, 23:25, 25:23) есебімен Владимир Алекно шәкірттерінің пайдасына шешілді.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан төрт жыл бұрын Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдеге қол жеткізген еді. Ал ақтық сында Ресей спортшылары соңғы рет Сидней-2000 ойындарында өнер көрсетіп, Югославия құрамасына 3:0 есебімен жеңілген болатын.
Енді 12 тамыз күні өтетін ақтық сында ресейлік волейболшылар Бразилия – Италия құрамалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Айта кетсек, Бразилия – Италия кездесуі 11 тамыз күні Астана уақытымен 00:30 басталады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет:eurosport.ru
Ж. FM