Қазақстандық жүзгіш жігіт Владеслав Поляков өкінішке орай, Олимпиадалық ойындардың жартылайфиналдық кезеңіне шыға алмады.
Поляков 100 метрге брасс (малтудың ерекше түрі) әдісі арқылы жүзуде 1:01:16 уақытта өтіп бірінші келген болатын. Дегенмен бұл көрсеткіш отандасымызды жалпы кестеде 33-ші сатыда орналасуға мүмкіндік берді. Ал, жартылайфиналдық кезеңге Олимп ойындары барысында тек 16 спортшы ғана шығуға мүмкіндік алған.
Спорттың бұл түрі бойынша жартылайфиналдық сындар 29 шілдеге ауған түні өтетін болады.
Сурет: london2012.com
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков