Польша спортшысы кішкене қыз үшін Олимпиадада жеңген медалін аукционға қойды

Польша спортшысы кішкене қыз үшін Олимпиадада жеңген медалін аукционға қойды

Лондонда ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында виндсерфингтен қола жүлде иеленген Польша спортшысы София Носети-Клепака өзінің медалін аукционға қоюды ұйғарды. 

Саудадан түскен қаражатты олимпиада жүлдегері көршілес тұратын бес жасар Сузанна Бобинскидің емделуіне жұмсамақшы. Кішкентай қыз ауыр созылмалы ауруға (муковисцидоз) шалдыққан. 

26 жастағы спортшы Лондонға кетпестен бұрын Жужа үшін медаль жеңіп алуды және кішкене көршісіне ойыншық сарай мен жылы жерлерде демалуды уәде еткен екен. 

"Жужа - бұл менің ең жас және жан қияр жанкүйерім. Ол аурумен күресуде... Жужа, мен сен үшін медаль жеңемін!" - деп бірнеше ай бұрын Носети-Клепака Facebook-тегі жеке парақшасында жазған болатын. 

Кішкене қыз өз кезегінде спортшыға демеу көрсеткен, тіпті бірнеше рет қоңырау да шалған. Носети Клепаканың айтуынша, медальді сату аукционы жақын арада болатын көрінеді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: upmonitor.ru

Ж. FM