Сэр Пол Маккартни, Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өзінің әйгілі "Hey Jude" трегін орындағаны үшін сыйақы ретінде 1 фунт стерлинг алған. Сонымен қатар ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындарда өнер көрсеткен басқа жұлдыздар да дәл осындай сомада сыйақы алған екен.
Негізінен Маккартни, Роуэн Аткинсон, Дэниэл Крейг, Майк Олдфилд және басқа да Ұлыбританияның бетке ұстар жұлдыздары Олимп ойындарының ашылуында тегін өнер көрсетуге келіскен. Дегенмен доданы ұйымдастырушылар шығынға кеткен ақшаны есептеу барысында барлық жұлдыздардың келісім-шарттарына 1 фунт стерлинг деп жазып берген.
Айта кетсек, Пол Маккартни ашылу салтанатына нүкте қойған болатын. Eclipse Pink Floyd әуенімен Олимпиада алауы жағылған соң, Пол дүйім жұрттың алдына шығып, "Hey Jude" композициясын орындады.
Және де бейресми ақпараттарға көз жүгіртетін болсақ, жалпы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына шамамен 27 миллион фунт стерлинг кеткен. Қойылымның бас ұйымдастырушысы "Миллионер из трущоб" фильмінің авторы - Дэнни Бойл. Өзінің қойылымын Дэнни «Ғажайып арал» деп атаған.
Сурет: beatles.ru
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков