Қазақстандық жеңіл атлет Виталий Аничкин спорттық жүрісте 49-орын алды.
50 километр қашықтықты 23 жастағы отандық спортшымыз 4 сағат 14 минут 9 секундта 49-орынмен кесіп өтті. Айта кететін болсақ, аталған жарыста 63 спортшы бақ сынаған болатын.
Спорттың бұл түрінен болған жарыста ресейлік Сергей Кирдяпкин топ жарса (Олимпиада рекордын орнатты - 3 сағат 35 минут 59 секунд), күміс жүлде аустралиялық Джаред Таллентаға бұйырды (3:36:53). Ал қола медальді Қытай спортшысы Сы Тяньфэн алды - 3:37:16.
Сурет:london2012.com
Дайындаған: Фараби Бақыт