Қазақстандық жеңіл атлетшіміз Сергей Зайков іріктеу кезеңінде 400 метрге жүгіруден 7-ші орыннан көрініп, жартылай финалға өте алмай қалды, деп хабарлайды Массагет.кз.
24 жастағы отандық спортшымыз 400 метрді 47,12 секундта кесіп өткен. Алайда, бұл көрсеткіш керекулік жігіттің жартылай финалға өтуіне мүмкіндік бермейтін еді.
Желаяқтардың арасында өткен жарысты көруге келген жанкүйерлерде есеп болмады. Себебі, бұл қашықтыққа бағын сынауға Оңтүстік Африкалық Оскар Писториус келді. 25 жастағы жеңіл атлетші мәре сызығына екінші болып жетіп (45,44 секунд), жартылай финалға өтті.
Сурет:podrobnosti.u
Дайындаған: Фараби Бақыт