- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Оскар Писториус Лондон...
Оскар Писториус Лондон Олимпиадасының тарихына кірмек
Әлемдік тарихта алғаш рет Олимпиадада екі аяғы ампутацияланған спортшы басқалармен қатар бақ сынасады. Ол - спринтер Оскар Писториус.
Оскар Писториус әлемдегі протез аяқты ең жылдам спринтер. Оның рекорды - 400 метр қашықтықты 45,07 секундта жүгіріп өтуі. Айта кетсек, әлемдік рекорд 43,18 секундты құрап отыр.
25 жасар спортшы Оңтүстік Африка Республикасының құрамасында өнер көрсетеді. Ол Олимпиадаға қатысатын денсаулығында ақауы бар және Паралимпиада мен Олимпиада ойындарының екеуіне де қатысқан алғаш адам болмақ. Ол 1 жасында ауруға шалдығып, екі аяғының ампутациясын басынан өткізді.
Оскар Писториус бұл кезді бұрыннан бері аңсап келген еді. 2007 жылы ол алғаш рет сау спортшылармен қатарлас болып жарысқа қатысқан. Соңғы 5 жылда ол өз өнерін шыңдап, дайындалған. Оңтүстік Кореядағы әлем Чемпионатына қатысып та көрген. ОАР-да танымал спортшылардың қатарына кіреді. Оның протездері арнайы тез жүгіру үшін көмірсутекті талшықтан жасалынған.
400 метр және 4х400 эстафетасына қатысатын Оскар Писториус көпшіліктің назарында болары анық. Спортшыға сәттілік тілейік.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: inosmi.ru
С. А