Лондонда басталған көптен күткен Олимпиада жанкүйерлеріне сыйлық ретінде LORIBLU бренді ойындарға арналған жаңа аяқ-киім топтамасын шығарды.
Топтаманың түстері брендтің Отаны - Италия жалауының түстерінде орындалған. Әрине арасында Олимпиадалық сақиналармен безендірілген де туфли табылды. Айта кетсек, бір аяқ киім күнделікті киюге жараса, басқасының сақиналары Swarovski тастарымен әшекейленіп, салтанатты кештерге арналған.
Олимиада басталмастан бұрын әр елдің ұлттық құрамасын танымал брендтер мен дизайнерлер киіндірген. Енді осындай танымал брендтер де ойындардан шет қалмауға тырысып, өз үлесін қосуда.
Осыған қарасақ, Лондон Олимпиадасында ресми емес ойындардың бір түрі - сән болған сияқты.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: puretrend.ru