- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Олимпиада тарихындағы ең...
Олимпиада тарихындағы ең қымбат медальдар Лондонда болмақ
Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жасалған медальдар Олимпиада тарихындағы ең қымбат медальдар болып саналды. Жүлделерді дайындау үшін Ұлыбританияға Моңғолия мен АҚШ елінің Юта штатынан 8 тонна алтын, күміс және мыс жеткізілді.
"Медальдар 2 шілде күні Лондон Тауэріне жеткізілді, енді біз оларды жақсылап күзетеміз", - дейді британдық "Тарихи корольдік сарайлар" ұйымының өкілі Трэйси Сэндс. Британ тәжінің әшекейлерімен бірге 4700 Олимпиада және паралимпиада медальдары сақталады.
Медальдардың дизайнын британдық суретші Дэвид Уоткинсон жасаған. Ол медаль бетіне грек жеңіс құдайы Никаны бейнелеуді шешкен. Ал медальдің сырт бетінде Олимпиада ойындарының логотипі орын алған.
Айта кетсек, Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00 (Астана уақытымен 27-сінен 28 шілде күніне қараған түні сағат 02:00-де) басталады. Ойындардың басталуы қоңыраудың соғылуымен атап өтіледі.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: topwalls.net