- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Олимпиада ойындарының кестесі...
Олимпиада ойындарының кестесі
Міне, ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының үшінші күні өз мәресіне жетті. Лондон төрінде өтіп жатқан жарыста қазақстандық спортшылар 4 спорт түрінен бақ сынасты. Атап айтсақ, Ринат Ибрагимов (дзюдо), Денис Ганькин (садақ ату ерлер арасында), Анастасия Баннова (садақ ату әйелдер арасында), Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева (жұптық теннис), Ілияс Сүлейменов (бокс 52 келі). Бірақ, өкінішке орай, бүгін тек Ілияс бауырымыз ғана жарыс жолын жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Назарларыңызға Лондонда өтіп жатқан жарыстың нәтижелерін ұсынамыз. Үш күндік қорытынды бойынша, Қытай 9 алтын жалпы 17 медальмен көш бастап келеді. 2-орында АҚШ елі болса, Франция елі 3-орынға жайғасты. Ал Қазақстан құрамасы 2 алтынмен 8-орынға табан тіреді. Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды велошабандоз Винокуров салса, оның артынша ауыр атлетші Зульфия Чиншолло екінші алтынға қол жеткізген болатын.
Олимпиада ойындарының жүлде алған үздік құрамалардың толық тізімі төмендегідей:
Ескерту: Жарыс Қазақстан уақытымен қорытындыланған.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com
Ж. FM