- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Олимпиада ойындарының алғашқы...
Олимпиада ойындарының алғашқы он күндік кестесі
Міне, ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы 10 күні де өз мәресіне келіп жетті. Осы он күн ішінде қазақстандық спортшылар алты алтын медалға қол жеткізіп, Қазақ елінің мерейін барша әлемге асқақтатты десек, еш қателеспеспіз. Бүгін, сондай-ақ, 84 келі салмақта өнер көрсететін отандық спортшымыз Даниял Гаджиев Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанып, Қазақстан қоржынын тағы бір медальмен толықтырды.
Енді алғашқы он күндік жарыс нәтижелерін қорытындылай кетсек, Қытай құрамасы жалпы есепте 64 медальмен (31, 19, 14) әлі де көш басында. АҚШ елі 63 медальмен (29, 15, 19) 2 орынға тұрақтады. Ал үздік үштік қатарында 18 алтын, 11 күміс және 11 қола медаль иеленген жарыс қожайындары. Өз кезегінде қазақстандық спортшылар алты алтын, бір қола медальға қол жеткізіп, сегізінші орынды иеленді.
Олимпиада ойындарының алғашқы он күнінде жүлдеге қол жеткізген үздік құрамалардың толық тізімі төмендегідей:
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com
Ж. FM