Олимпиада ойындарының алғашқы екі күнінің кестесі

Олимпиада ойындарының алғашқы екі күнінің кестесі

Бүгін Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының кезекті күні соңына жетті. Назарларыңызға Олимпиада жарыстарының екінші күнінің нәтижелерін ұсынғалы отырмыз. Төртжылдықтың дүбірлі додасының алғашқы күніндей, Қазақ спортшыларының бұл күнде де бәсі жоғары тұрды. Қазақстандық ауыр атлетші қызымыз Зульфия Чиншанло 53 келі салмақта алтын иеленіп, әлем рекордын жаңартты. 

Екінші күнді қорытындылай келсек, Қытайлықтар 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен жалпы есепте көш бастап тұр. АҚШ құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдемен 2 орында тұрақтады. Ал үштікті жалпы 6 медальмен (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) Италия спортшылары аяқтады. Ал отандық спортшылар 2 алтынмен 4 орынға жайғасты.

Олимпиада ойындарының алғашқы екі күнінде жүлде алған үздік құрамалардың толық тізімі төмендегідей: 

Ескерту: Жарыс Қазақстан уақытымен қорытындыланған.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM