Олимпиада ойындарын қанша жанкүйер тамашалауда?

Олимпиада ойындарын қанша жанкүйер тамашалауда?

Олимпиада ойындарының бас хатшысы Джеки Брок-Доил жарыс барысында жекелей әр стадионға нақты қанша адам келгендігі жөнінде нақты мәлімет беруден бас тартуда. Шамасы ұйымдастырушылар спорт түрлерінің танымалдылығы жөнінен сарапқа салғысы келмей жатқан болуы керек.

Дегенмен ұйымдастырушылар жалпылай мәліметтер беруге дайын. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, соңғы үш күнде Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан Олимпиадалық ойындарды бас-аяғы 2,1 миллион адам тамашалауға келген екен. Бірақ ұйымдастырушылар сөзіне сенсек, алғашқы үш күнге билет сатып алған жанкүйерлердің бірмашасы келмеген.

Сенбі, яғни, жарыстың бірінші күнінде билет сатып алған жанкүйердің 86%-ы ғана келсе, жексенбіде – 92%, дүйсенбі күні – 88% билет сатып алушы жарысты тамашалаған екен.

Кейбір БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, жарыстың бірінші күні дода өтетін спорт кешендері жартылай ғана толған. Мұның басты себебін мамандар, билеттің қымбаттылығы мен алаяқтардың билет сатумен айналысып жатқанымен түсіндіруде. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

сурет: london2012.com

Ж. FM