Олимпиада ойындары. Әлемдік БАҚ беттеріне шолу

Олимпиада ойындары. Әлемдік БАҚ беттеріне шолу

Олимпиада ойындарының аяқталуына санаулы ғана күндер  қалды. Қазір бүкіл әлемнің БАҚ өкілдері жеңімпаздар мен атышулы спортшылардың жетістіктері туралы жазып мәре-сәре болуда. Назарларыңызға әлемдік БАҚ-ның жазған мақалаларынан топтама ұсынамыз. 

Илья Илиннің құпиясы неде?

 Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп болған соң отандасымыз, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Илин бұл жетістікке қалай қол жеткізгенін көпшілікке жария етті. Оның айтуынша, спортшыларға додада топ жару үшін, бастысы жақсы тамақтану керек екен. «Мен салмақ қосатын тәтті тағамдарды жеуден бас тартамын.Менің сүйікті тамағым  жылқы және тауық еті. Бұл екі тағам спортшылар үшін ең жақсы ас деп білемін. Олар біріншіден тез қорытылады, екіншіден көп күш береді», - дейді Илья Илин.

Құттықтаймыз ба, күмәнданамыз ба?

Американдық New York Times әлі күнге дейін 16-жасар қытай қызы Е Шивэннің жеңгеніне, оның үстіне әлем рекордын жаңартып жеңгеніне күмәнмен қарайды. Қытай қызының өнер көрсеткенін саралап отырып, американдық басылым суда жүзу спортында бірнеше рет допингпен жеңген спортшыларды да атап өтеді. Және де мамандардың бұл спортшының қанын егжей-тегжейлі бір емес, бірнеше мәрте қайталап тексеруін сұраған. 

Морганелла өкінуде! 

Швейцария қыздар құрамасының ойыншысы Мишель Морганелла Олимпиада ойындарынан қуылып жіберілген болатын. Мишельдің Олимпи ойындарынан кетуінің басты себебі, «Твиттер» әлеумметтік желісіне Оңтүстік Корея аяқдопшыларына қарасты рассистік әңгімелер айтқан болатын. Енді міне, Мишель Морганелла өз отанына барған соң, тағы да әлеуметтік желі арқылы рассистік әрекеті үшін кешірім сұрады. Ол «менің Олимпиада ойындары барысындағы айтқан сөзіме өкінемін. Ол кезде қызулықпен айтып қойған болатынмын. Сол үшін де корей халқынан және отандастарымнан кешірім сұраймын», - деген. 

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига