Сөйтсе, ауыр атлетика халықаралық федерациясы олардың Қазақстан атынан шығуына қарсы болса керек. Жігіттер жуырда ғана біздің елге қоныс аударған болатын. Мүмкін олимпиадаға қатыса алмау себебі осыдан да болар.
Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай жағдай Бейжің-2008 ойындары қарсаңында орын алған еді. Ол кезде Ресей құрамасына іліне алмаған Светлана Подобедова Олимпиадаға Қазақстан құрамасымен келген еді. Бірақ, Ресейліктер шағым жазып, Светлананың өнер көрсетуіне қарсылықтарын білдірген болатын. Бір қызығы Қытай тарапы Арли Чонтей мен Фархад Харкидің Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан шығуларына мүлдем қарсы емес.
Дегенмен, халықаралық федерацияның шешімі бүгін, 26 шілде күні белгілі болады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com