Камерун құрамасынан Олимпиада қатысатын жеті спортшы отандарына қайтуға қарсы болып, Олимпиада қалашығынан із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Камерун олимпиада делегациясы хабарлайды.
«Басында спортшылардың кетіп қалуы жай ғана алып-қашпа әңгімен болғанымен, аяғы шындыққа ұласты», - дейді Камерун делегациясының басшысы Дэвид Оджонг. Оның айтуынша, жеті бірдей спортшы Камерун құрамасы тұрақтаған Олимпиада қалашығынан өз еріктерімен қашып кеткен көрінеді.
Жоғалған спортшылардың ішінде бесеуі – былғары қолғап шеберлері, біреуі – футболдан Камерун қыздар құрамасының қақпашысы және де біреуі – жүзгіш. Британдық Би-би-си агенттігінің мәлімдеуінше, бұл спортшылар отандарына саяси және экономикалық жағдайларға байланысты қайтқысы келмейді екен.
Дегенмен бұл жағдай туралы әлі күнге дейін Халықаралық Олимпиада комитеті ештеңе білмейді. Рұқсат қағаз (аккредитация) бойынша спортшылар Лондонда тек қараша айының басына дейін ғана бола алады.
Дайындаған: Фараби Бақыт
Сурет: Fotobank.ru