Лондон Олимпиадасы - Олимпиада тарихындағы ең қызықты және ерекше ойындардың бірі болатын сияқты. Лондон Олимпиадасы жайлы қызықты деректерді оқи отырыңыздар.
Лондон - тарихтағы Олимпиаданы 3 рет қабылдаған жалғыз қала. Олимпиададағы қауіпсіздік ұйымдастырушыларға 900 миллион доллар тұрды. Әр медальдің салмағы - 400 грамм.
Олимпиадаға қатысатын спортшылар мен жаттықтырушыларға Олимпиада кезінде некелесуге тыйым салынған. Тарихта бірінші рет қатысатын 204 елдің әрқайсысынан әйел спортшылар бар. Олимпиаданың ең ересек қатысушысы - Жапондық Хироши Хокетсу. 71 жастағы спортшы сонау 1964 жылғы Олимпиадаға қатысқан екен.
Ойындарға жүкті әйел - Малазиялық
Нур Саряни Мохаммед Таиби қатысады екен. Жүктілігінің 9 айындағы спортшы оқ атудан жарысқа түседі.
Қытай құрамасының спортшыларына ет жеуге рұқсат етілмейді. Жаттықтырушылары ет құрамында тыйым салынған құрамдас бөліктер табылады деп күдіктенуде. Сондықтан ет жеген ойыншы құрамадан шығарылады-мыс. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде әйгілі британдық «
Spice Girls» тобы өнер көрсетеді. Олар осы мерейтой үшін бір күнге топтарын қайта қоспақ.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: blogs.nvcc.edu