- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Олимпиада жайлы қызықты...
Олимпиада жайлы қызықты деректер
Лондон Олимпиадасы - Олимпиада тарихындағы ең қызықты және ерекше ойындардың бірі болатын сияқты. Лондон Олимпиадасы жайлы қызықты деректерді оқи отырыңыздар.
- Лондон - тарихтағы Олимпиаданы 3 рет қабылдаған жалғыз қала.
- Олимпиададағы қауіпсіздік ұйымдастырушыларға 900 миллион доллар тұрды.
- Әр медальдің салмағы - 400 грамм.
- Олимпиадаға қатысатын спортшылар мен жаттықтырушыларға Олимпиада кезінде некелесуге тыйым салынған.
- Тарихта бірінші рет қатысатын 204 елдің әрқайсысынан әйел спортшылар бар.
- Олимпиаданың ең ересек қатысушысы - Жапондық Хироши Хокетсу. 71 жастағы спортшы сонау 1964 жылғы Олимпиадаға қатысқан екен.
- Ойындарға жүкті әйел - Малазиялық Нур Саряни Мохаммед Таиби қатысады екен. Жүктілігінің 9 айындағы спортшы оқ атудан жарысқа түседі.
- Қытай құрамасының спортшыларына ет жеуге рұқсат етілмейді. Жаттықтырушылары ет құрамында тыйым салынған құрамдас бөліктер табылады деп күдіктенуде. Сондықтан ет жеген ойыншы құрамадан шығарылады-мыс.
- Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде әйгілі британдық «Spice Girls» тобы өнер көрсетеді. Олар осы мерейтой үшін бір күнге топтарын қайта қоспақ.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: blogs.nvcc.edu
С. А