- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Олимпиада чемпионы фальстартқа...
Олимпиада чемпионы фальстартқа байланысты жарыс жолынан шығып қалды
400 метрге еркін әдіс бойынша Пекин Олимпиадасының чемпионы Оңтүстік Кореялық Пак Тэ Хван фальстарт (уақытынан бұрын басталған старт) жасағаны үшін төрешілер жарыс жолынан шығарып тастады.
The Guardian басылымының хабарлауынша, 22 жасар оұтүстік кореялық спортшы жігіт Олимпиада чемпионы атанған соң өз отанында ең танымал адамдардың қатарына енген екен.
Пактың жарыс жолынан шығып қалған соң, қытайлық - Сунь Янның жеңіске жететін мүмкіндігі артты деп отыр мамандар. Іріктеу сындары барысында 2011 жылғы әлемнің екі дүркін чемпионы бүгінгі күннің ең үздік уақытын көрсеткен. Оның уақыты - 3.45,07 тең келеді.
Сурет: london2012.com
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Л. Лига