Олимпиада барысында Өзбекстан спортшысы допингпен ұсталды

Олимпиада барысында Өзбекстан спортшысы допингпен ұсталды

Оңтүстік көршіміз Өзбекстанның спорттық гимнасшы қызы Луиза Галиулина Олимпиадалық ойындар барысында допингтен (рұқсат етілмеген дәрі-дәрімек пайдалу) ұсталып доданы уақытынан бұрын аяқтады.

Допинг-тексеру 26-шілде күні жасалған болатын. Дегенмен Олимпиадалық ойындардың медицина қызметкерлері бүгін ғана қорытынды жауапты шығарып, Өзбекстан спортшысын жарыстын жолынын шығарып тастады. 

Айта кетсек, Луиза Галиулина алдағы уақыттағы спорттық тағдыры қанының құрамы толық тексеріліп біткен соң шешілетін болады. Бұл Лондон Олимпиада ойындары басталғаннан бергі алғашқы допингтен ұсталған спортшы болды. Бірақ Олимпиадалық ойындар басталар алдында жүздеген спортшылар допинг-тексеруден өтпей, Ұлыбритания астанасына келмеген де болатын. 

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Л. Лига