Ольга Блудова 100 метрге жүгіруден жартылай финалға шықты

Ольга Блудова 100 метрге жүгіруден жартылай финалға шықты

Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Блудова 100 метрге жүгіруде жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Массагет.кз

20 жасар қазақстандық желаяқ мәре сызығын екінші аттап, жартылай финалға қатысу мүмкіндігін иемденді. Блудованың көрсеткен нәтижесі - 11,31 секунд. Ал бірінші орынды американдық спортшы Кармелита Джетер (10,83) алды.

Айта кетсек, жартылай финал жарыстары тамыздың  бесінші жұлдызында Астана уақытымен сағат 00:35-те басталады.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: stony_heart.yvi.kz

Ж. FM