Ардақты Массагеттің оқырмандары! Бар әлем тағатсыздана күтіп отырған Лондон-2012 Олимпиадасы да жақындап қалды. Осы орайда портал ұжымы айтулы оқиғаны назарынан тыс қалдырмай, сіздерді соңғы жаңалықтармен таныстырып отыруды мақсат етіп, арнайы айдар ашып отыр.
Дүбірлі бәсекеде еліміздің абыройын 116 спортшы қорғайтын болады. Отандастарымызға тілекші екендігімізді білдіре отырып, барлық оқырмандарды Массагет порталы арқылы спортшыларымызға қолдау білдіріп отыруға шақырамыз.
сурет: bigpicture.ru