Маринамыз келесі кезеңде

Маринамыз келесі кезеңде

75 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері Марина Вольнова келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Массагет.кз.

23 жастағы боксшы қызымыз 1/8 финалда Кениядан келген Элизабет Эндиегоны 20:11 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Қызылордалық спортшымыз бірінші минуттардан-ақ басымдылықты өз қолына алып, үш раундта да өз басымдылығын айқын танытты ( 6:3, 5:3, 6:2). Тек төртінші раунд барысында сәл шаршаңқырап қалып, 25 жастағы кениялық қызбен тең түсті. Есеп:3:3.

Сурет:nurastana.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига