- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Манюрова күрестен әйелдер...
Манюрова күрестен әйелдер құрамасын басқаратын болды
Күрестен әйелдер құрамасының басшылығына Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Гюзель Манюрова келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Спорт және дене шынықтыру агенттігінің басшысы Талғат Ермегияев мені Қазақстан құрамасының басшысы ретінде көретіндігін айтты. Ол кісі менің ел үшін қызмет ететіндігіме сенетіндігін айтты", - деді Манюрова. Спортшы оған артылған міндетті қуанышпен орындайтындығын айтып, өзіне білдірілген сенім үшін алғысын білдірді.
Манюрова өз жұмысын командаға директор тағайындаудан бастайтындығын айтты. "Білесіз бе, бұл жерде жұмыс көп. Тіпті команда басшысы да жоқ. Сонымен қатар, құрамада резерв те жоқ. Осы шаруалардың барлығын шешу керек. Бұрынғы жаттықтырушылар штабы оңай жолды таңдап, тек легионерлер тартумен айналысты. Мен осы олқылықты жойып, жаңа кадрлар дайындап, жергілікті жастарды тәрбиелеумен айналысқым келеді. Жұмыс көп", - деді Гюзель.
Айта кетелік, Қазақстанның күрес федерациясы мәселенің пысықталу үстінде екендігін айтып, бұл оқиға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: vk.com