- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Маңғыстаулық боксшымыз финалға...
Маңғыстаулық боксшымыз финалға шықты
Бүгін, 81 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов жартылай финалдық кездесуін өткізу үшін шаршы алаңға шықты.
23 жастағы Әділбек ақтық сынға жолдама алу үшін украиндық Алесандр Гвоздюкпен қолғап түйістірді. Кездесудің алғашқы раундында қазақстандық былғары қолғап шебері бірден шабуылға шыққанымен, қарсылас та ширақ қимылдап, бірнеше қарымта соққы жасап үлгерді. Нәтижесінде қарсыластар 4:4 есебімен тең тарасты.
Үзілістен соң 25 жастағы украин боксшысы барын салып, есеп айыруға тырысты. Нәтижелі шабуылдарының арқасында ол екінші раундта 6:5 есебімен алға шығып, өз дегеніне жетті. Екі раунд қорытындысы 10:9.
Тартысты кездесудің шешуші үш минуттығында қарсыластар біріне дес бермей ашық шабуылға көшті. Отандасымыз өзінің шеберлігі арқасында бірнеше дүркін соққы жасап, есепті 13:13-ке жеткізді. Алайда, төрешілер біздің боксшының белсенділігін байқап, жекпе-жек тағдырын өз Әділбектің пайдасына шешті.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: olympic.kfb.kz
Л. Лига