Қазақстандық штангашы Мая Манезаға Олимпидадағы жеңісі үшін күйеу бала уәде етілді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Спортшылармен болған баспасөз конференциясында "Олимпиадада жеңісіңіз үшін сізге не уәде етілді?" деген сұраққа ауыр атлет "күйеу бала" деп жауап берді. Айта кетелік, ұлттық құраманы Лондонға тасымалдаумен айналысуды мойнына алған халықаралық туристік агенттіктің директоры Абылхан Сарсенбаев Манезаға екі адамға арналған жолдама табыс етті. Осылайша спортшы болашақ жарымен бірге әлемнің кез келген нүктесіне саяхаттау мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетелік, Мая Манеза Олимпиадалық ойындарда елімізге үшінші алтын медальді сыйлаған ауыр атлет. 63 кг-ға дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол жалпы есеппен 245 кг салмақты бағындырып, Олимпиадалық рекорд орнатқан болатын. Абыройлы жеңісінен кейін спортшыны ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі телефон арқылы құттықтады.
Осы орайда Манеза: "Еліміздің басшысының бізге осынша бөліп жатқан көңілі үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, қазір өз кезектерін күтіп жатқан Ильин мен Подобедоваға жеңіс тілеймін", - деді.
Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Алкесей Ни болса: "Қазіргі көрсетіп жатқан нәтижелер көңілімізден шығады. Лондонға аттанар тұста жеңіске бар күшімізді саламыз деп уәде беріп едік. Құдайға шүкір, талпынысымыз жеміс беруде. Спортшыларға жанкүйер болып, қолдау білдіріп жатқан барлық қазақстандықтарға алғысымды білдіремін", - ағынан жарылды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Jhr5gsSBxMc","width":"450","height":"256"});
Майя Манезаның жеңісінен кейін өткізілген баспасөз конференциясы
Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін велошабандоз Александр Винокуров пен ауыр атлет Зульфия Чиншанло елімізге алғашқы алтындарды сыйлаған болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: metronews.ru