- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Лондонда еліміздің көк...
Лондонда еліміздің көк байрағын Нұрмахан Тінәлиев алып жүреді
27 шілде 12 тамыз аралығында Лондонда өтетін ХХХ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақ елінің көк байрағын елі сенген азамат Нұрмахан Тінәлиев алып жүреді.
Нұрмахан Тінәлиев 1988 жылы Жамбыл облысында, Шу ауданының Далақайнар ауылында дүниеге келген. Ол грек-рим күресінен Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы және әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. 24 жастағы спортшы әкесінің ұйтқы болуымен күреске 14 жасында келген және 16 жасында Қазақстан чемпионы атанады.
Жазғы Олимпиада ойындарында Ту ұстап шыққан спортшылар
Жылы | Қала | Мемлекет | Ту ұстаушы | Спорт түрі |
1996 | Атланта | АҚШ | Ермахан Ыбырайымов | Бокс |
2000 | Сидней | Австралия | Ермахан Ыбырайымов | Бокс |
2004 | Афины | Грекия | Асхат Жіткеев | Дзюдо |
2008 | Бейжің | Қытай | Бақыт Ахметов | Ауыр атлетика |
2012 | Лондон | Ұлыбритания | Нұрмахан Тінәлиев | Грек-рим күресі |
Ал біз төрткүл дүниенің тарландары бас қосатын додада Қазақ елінің намысын қорғайтын спортшыларымыз топ жарып шықсын деген тілек білдіреміз.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: alaman.kz
Ж. FM