Лондонда отызыншы жазғы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі басталды. Үш сағаттық ашылу салтанатын Олимпиада үшін құрылған стадионда 80 мың көрермен, тікелей эфирде миллиардтаған телекөрермен тамашалауда.
Бұл тарихи сәтті 100-ге жуық мемлекеттің басшылары да стадионда отырып көріп жатыр.
Салтанатты ашылудың қоюшы режиссері - Денни Бойл. Рәсімде әлем халықтарының тарихынан сыр шертіліп, бүгінгі күннің көріністері қылаң беруде.
Олимпиада ашылуының құны - 42 млн $.
205 елден келген спортшылар өз елдерінің намысы үшін бақ сынаспақ. Біздің елдің намысын 116 спортшы қорғайды. Спортшыларымызға сәттілік серік болсын!
Сурет: drugoikavkaz.livejournal.com
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова